Президент Головкинді жеңісімен құттықтады

2263
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жекпе-жекте Қазақстан туын желбіреткен Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президент twitter-де: «Геннадий Головкинді @GGGBoxing сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады», - деді .

Еске сала кетейік, бүгін, яғни 19 желтоқсанда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

 

Сурет Ақордадан

 

Пікірлер