Қақаған аязда баласын далада қалдырып, жазалаған

6925
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында тасжүрек ата-ана баласын суықта қалдырған. Бұл туралы белгілі журналист Ильмура Жумат Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл суреттерді әріптестерім жіберді . Ана баласын суықта далаға қалдырып, бірнеше мәрте осылай жазалаған. Сіздер көшеде қақаған аяз екенін жақсы білесіздер.  Бір адамдар балаға зар болып жүр.. Менің білуімше, бұл Қосшы кентінде болған оқиға. Ертең  мән-жайды анықтаймыз»,-деп жазды ол.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Ресми деректерге сүйенсек, полицияға ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында сағат 21.20-да астана тұрғыны 6 жасар ұлын ұрып, 8 жасар қызын көшеге шығарып жіберді деген хабарлама келіп түскен.

«Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Ол осы әдісті қолдану арқылы көршісінен киім қыстырғыштарды ойнауға рұқсатсыз алып келген балаларын жазалағысы келген. Қазіргі уақытта мән-жайды зерттеп жатырмыз»,-деді баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер