Өрт сөндірушілер 9 баланы құтқарды

1964
Adyrna.kz Telegram

Рудный қаласында өрт сөндірушілер 9 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:32-де Рудный қаласы 2-МӨСБ кезекші пультіне өрт туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына Рудный қ. 2-МӨСБ күштері мен құралдары құрамында 3 бірлік өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 13 адамы шықты. Құтқарушылар келген кезде кіреберіс ішінен қатты түтін шығып жатқаны анықталған. 9 қабатты тұрғын үйде 5 шаршы метр алаңда терезе жақтауы мен қоқыс жанып жатқан»,-делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 11-17 жас аралығындағы 8 бүлдіршін мен жасөспірімдерді эвакуациялады. Тағы 23 тұрғын кіреберістен өздігінен шықты. Өрттің алдын ала себебі отты абайсыз қолданудан болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер