ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Біздегі жағдай нағыз құбыжық, орта ғасырлық жағдай

2786
Adyrna.kz Telegram
Police officers detain an opposition supporter during a protest against presidential election, in Almaty, Kazakhstan, June 9, 2019.  REUTERS/Mariya Gordeyeva
Police officers detain an opposition supporter during a protest against presidential election, in Almaty, Kazakhstan, June 9, 2019. REUTERS/Mariya Gordeyeva

Әмірикада ұзақ жылдар ұсақ қалаларда ақ нәсілділердің арасында тұрып келген Игорь Айзенбергтің айтуынша халық арасында диктаторлық күштерге деген сұраныс та мықты көрінеді. Олардың көбі әлі де болса шовинизм, расизм ауруымен ауырады, афроәмірикалық, немесе басқа түстегілерге деген көзқарастары әлі де жақсы емес. Тек жасы келген үлкен адамдар ғана емес, орта жастағылар арасында да мұндайлар жеткілікті екен. Сондықтан да Трамп кеткенмен де диктаторлыққа деген сұраныс азая қоймайтын сияқты, оның орнына тағы бір сондай біреу келетіні анық.

Дегенмен де әмірика қоғамы үздіксіз даму үстінде. Демократ Байденнің бұл жеңісі сол демократиялық үрдісті одан әрі дамытатын сияқты, оған дәлел - қазіргі кезде көптеген басқа нәсілдегі адамдар ірі қызметтерге тағайындалып жатыр. Камала Харристен басқа, Пентагонның басшысына (Қорғаныс министрі) қара нәсілді генерал Остин ұсынылып отыр. Бұл әскери қызметтегі осындай дәрежеге жеткелі отырған алғашқы афроәмірикалық (егер Сенат бекітсе).

Ал басқа, құрамында афроәмірикалық немесе басқа түстегі халықтары жоқ диктаторлар не істеп жатыр? Айталық Ресейде жершілдік кең сыйпат алған. Егер баспасөз мәліметтеріне сенсек, Путиннің айналасына түгелге жуық бұрынғы петерборлықтар жинақталған. Сондай-ақ оның бала кезгі достары, бірге бизнес жасаған сыбайластары жетерлік екен. Мұндай әдет тек Путиннің басында ғана емес, одан бұрынғы Ельцин, Горбачевтерде де кездеседі. Әйтеуір өздерін мем. қызметте жақсы жақтарынан көрсете білген, алғыр, адал, ісіне тиянақты адамдар емес, тек таныстығы үшін ғана биік қызметтерге тағайындалғандар жетерлік. Ал Байденнің тағайындап жатқан адамдары арасында онымен әрқашанда келісе бермейтін, тиісті жерінде алдымен елінің мүддесін қорғай алатын адамдар жеткілікті екен. Міне, демократия дегеніміз осы.

Ал біздегі жағдай ше? Қазіргі кадр саясатына қарап отырып біздегі жағдай тек жәй ғана диктаторлық емес, нағыз құбыжық, орта ғасырлық деп айтуға болады. Мұнда тек бір рудың, жүздің ғана емес, тіпті жоғарғы эшелонда орыс тілімен ауызданғандар ғана өмір сүре алатындай жағдай қалыптасқан десек онша қателеспеспіз. Өйткені өз тілімен сусындамаған, ұлттық мүдденің не екендігінен бейхабар адамдар жоғарғы басшылықты толық жаулап алған. Себебі - арғы жағы дым көрмеген, қазақша айтқанда "қойдан шыққан қодыраңдар".

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер