Қарттар мен жетімдер үйі толады

2919
Adyrna.kz Telegram

Балалар үйінің түлегі Самат Бекебаев балалардың құқығын қорғауға қатысты жаңа заңға пікірін білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Елімізде жетімдер саны өте көп және оны азайту мүмкін болмай отыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан гөрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса, онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Мені кезінде бір емес, бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген. Алайда балалар үйінің басшылары немесе шымкенттік басқарма басшылары апта сайын, ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып, тексеру жүргізді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болды. Ал оған себеп – мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлектері бар. Олардың көпшілігін бір емес, бірнеше отбасы асырап, қайта балалар үйіне әкелген. Болашақта қарттар, жетімдер үйі толады. Қысқасы, балаларымызға шетелге кету я жетімдер үйінде қалу емес, тек өз ата-анасымен өмір сүру бақыты бұйырсын»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер