Аида Балаева: «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыты бaлaлapды aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәрбиелеу

1982
Adyrna.kz Telegram

Сапалы қоғамдық сананың қалыптасуы – рухы биік азаматтарға байланысты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өз кезегінде, сапалы қоғамдық сананың қалыптасуы – рухы биік азаматтарға, мәдениетті де білімді әлеуметке байланысты. Бұл ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – Елбасының ұлттық сананы жаңғырту принциптері мен Мемлекет басшысының Абайша түйген «Толық адам» концепциясы негізіндегі елдің болашағы», - деді А. Балаева министрліктің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол бұл бағытта жоспарланып отырған қадамды атап өтті.

«Ал бұл болашақ бүгінгі ұрпақтан басталады. Сондықтан да, біз «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыты ретінде – бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәрбиелеудің маңызы ерекше екендігін атап өтеміз. Осы орайда, қазіргі таңда барлық қызығушы тараптардың қатысуымен әзірленген мeктeпкe дeйiнгі жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-адaмгepшiлiкке тәpбиeлeу стратегиясын алдағы Ұлттық комиссия отырысына шығарып, іске асыруға барлық күш-жігерімізді саламыз», - деді министр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер