Полицейлер тағы бір жезөкшелер үйін анықтады (видео)

2065
Adyrna.kz Telegram

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Мекемеде жұмыс жасайтын қыздар массаж қызметінен басқа өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсетті.

– Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекен-жайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдіктері дәлелді болып шықты – мекемеде жезөкшелер үйі орналастырылған, онда жедел іздеушілер жеңіл жүрісті 11 қызды анықтады. Сондай-ақ, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал Аудандық басқармаға жеткізілді. Айтпақшы, қыздар арасында біздің отандастарымыздан басқа, көрші республикалардың әйелдері де “жұмыс істеді”. Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы, оның ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотталығы бар, – деп түсіндірді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Барлық “жеңіл жүрісті” қыздар үшін әкімшілік жазалау хаттамалары жасалды. Сондай-ақ интимді қызметтерді ұсыну үшін жалға берген үй иесі тексеріледі. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер