63 жастағы әже үш баланы аяусыз ұрып-соққан

2093
Adyrna.kz Telegram

Елордада 63 жастағы әже үш баланы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Кейуана осылайша 6 жастағы немересін ұрғандардан кек алдым дейді.

Айта кетейік, өткен сенбіде қала тұрғыны полиция департаментіне үш баласы үйге жарақатпен оралғанын айтып шағымданған. Тәртіп сақшылары айыпталушы әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға ескерту жасап, біреудің денсаулығына зиян келтіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер