Түркістан облысында үшем дүниеге келді

1867
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Төлеби ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Леңгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 перинаталды орталығында екі қыз бен бір ұл босанды.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, осымен облыста жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді. Жаңа туылған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді.

Мерзімінен ерте туған үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсарған. Үшем перзентханадан шығуға әзір.

Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.

«Қорқыныш болды, әрине. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз ризамын», – дейді үшемнің анасы.

Жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Пікірлер