Бүгін Темірхан Медетбектің туған күні

4129
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Темірхан Медетбек ағаның туған күні екен ғой. Жүз жасасын ағамыз! Ақынға өлеңі оқылғаннан артық бақыт жоқ. Мынау "Базарға барғым келмейді" деген жыры.

Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Базардан не көрем! –
Қазақты көрем,
Қазақты көріп,
Азапты көрем;
Дорба сүйреткендер де
Қазағым.
Арба сүйреткендер де
Қазағым.
Құлап жатқандар да
Қазағым.
Жылап жатқандар да
Қазағым.
Сұрап жатқандар да
Қазағым...
Қазағым,
Қазағым,
Қазағым, –
Азабым!
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Қазақтың азабын,
Көргім келмейді.

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер