Конституцияға енгізілетін өзгерістерге халық наразылық білдірді

2403
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан астанасы Бішкекте халық конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы наразылық білдірді. Олар парламенттің таратылуын талап етуде.

«Ақ үй» маңында өткен митингке 50 шақты адам жиналған. Айта кетсек, наурыздың 3-де Жоғарғы Кеңес депутаттары Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Алайда мамандардың хабарлауынша, дауыс беру барысында ережелер өрескел бұзылған.

Митингке жиналғандар ел президенті Садыр Жапаровты жаңа Конституция арқылы билікті заңсыз басып алмақ деп айыптап, талаптар орындалмаса, шерулерді жалғастыратынын айтты.

Исхак Масалиев, митингке қатысушы: 

Былтыр қазанның 28-де парламенттің уәкілеттігі тоқтады. Сондықтан оның заңға өзгеріс енгізуге еш құқығы жоқ. Депутаттардың бұл әрекеті заңсыз. Біз жаңа Парламент құрамын жасақтауды аяқтау қажет деп ойлаймыз. Содан кейін ғана заң реформасы жүргізілуі тиіс.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер