СССР талайдың сорын қайнатты

5198
Adyrna.kz Telegram

Белгілі журналист Жеңіс ҚҰСПАН өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызықты бір ақпаратпен бөлісіпті. Келмеске кеткен КСРО-ның қазіргі ұрпақ біле бермейтін, сол заманның адамдары аса тереңіне бойлай бермейтін тұстары туралы автордың материалы кімге де болса, ой салады деген мақсатпен назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

СССР – 3 тиындық газдалған су сататын автомат емес, ол ГУЛАГ (АЛЖИР) пен 4 миллион жабылған жала;

CССР – ол үкімет басындағы алжығандар мен жалпыға тән кедейлік;

СССР - ол екіжүзділік пен сайқалдық. Батыс елдерін өле жамандаса да шет елге шығуға мүмкіндік – мадақтау сыйлығы ретінде. Ал шетелдік киім, зат – кез келгеннің басына қона бермейтін бақ.

СССР – ол баламасы жоқ жалқылық. Киімде де, тамақта да, әнде де, ойда да.

СССР - ол тапшылық, болашағы үмітсіз жоқшылық.

СССР – ол ортақ асханасы мен дәлізі бір, алқаш көршіңнен өмір бойы құтыла амайтын жатақхана.

СССР – шет елге шығуға тыйым, доллар сатсаң да – түрме, коммунистік партияның «сара жолынан» тайқысаң да - түрме.

СССР – ол жеке кәсіпкерлікке тыйым. Кез келген жеке меншікке тыйым. Жеке ештеңе болмауы тиіс, ал адам өзіне тиесілі емес, ол – қоғамға қызмет етуге міндетті.

СССР – ол әр қадамың бақылаулы, жеке пікір айту мен оны таратуға – еркіндік жоқ заман.

СССР – ол өтірікке толы, көлеңкеңнен қорыққан қоңырқай тіршілік.

СССР – ол пионер галстугі, комсомол жиналысы, жеке өміріңді жұрт алдында жиналысқа салып талқылау мен айыптау, мінеу, кемсіту, қорлау.

СССР – ол жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықпен қат тауар алу.

СССР – ол бесіктен белің шықпай соғысқа, империяны қорғауда өміріңді көзсіз қиюға дайындық.

СССР – ол жалпыға бірдей теңдік ұранымен еңбектің құнсыздығы.

СССР – ол тіс пастасына дейін қат болған өмір.

СССР – ол күнделікті тұрмыста қораш өмір қоршаған бейшаралық.

СССР – ол өмір бойы бойыңды билеген қорқыныш пен мағынасыз, мәнсіз өмір.

СССР – ол жеке адам өмірінің түкке тұрғысыздығы. Мектепте, институтта, қызметте – жеке өміріңнің жоқтығы.

СССР – ол құлағыңды күнде сарсытатын үгіт-насихат, дүкендердегі бітпейтін кезек пен бос сөрелер.

СССР – ол күнделікті миыңа құйылатын соғыс үрейі, өйткені айнала толған жау, олар кез келген сәтте ұрыс ашуы мүмкін.

СССР – ол кез келген анкета сұрағына "қоғам мүддесін жеке басымның мүддесінен жоғары қоямын" деп жазу.

СССР – ол бөле-жара, елден ерекше ойлайтын, ерекше өмір сүргісі келетін, білімді адамдарға деген жеккөрініш.

СССР – ол қалаған нәрсеңді қарап, оқып, тыңдау мүмкіндігінің жоқтығы.

СССР – ол дүкендердегі ет-колбасаға шегі жоқ кезек.

СССР – ол жеке адамға – сен ешкім емессің деген көзқарас.

СССР – ол ұлтың сәйкес келмесе жоғары лауазымға жету қиындығы.

СССР – ол ертеңге деген үміт жоқтығы, алдамшы өмір.

СССР – ол не болса да таңдаудың мүлдем жоқтығы.

СССР – ол басшының алдындағы жағымпаздық пен жарамсақтықтың шырқау шегі. Мықтылардың алдында құрдай жорғалау.

СССР – ол еркіндік түгілі, ондай ұғымның мүлдем жоқтығы. Барам деген жеріңе бара алмай, айтамын дегеніңді айта алмай шерменде өткен өмір. Күнделікті жиналыс, мінбеден айтылған қызыл сөз, парад, құрмет тақтасы – шындықты бүркемелеу жолдары болатын.

Және айнала толған жалғандық, өтірік мүләйімсу, мәймөңке өмір.

Бастысы, СССР - ол халықтардың түрмесі, ГУЛАГ (АЛЖИР) пен 4 миллион жабылған жала. Ол адамның болмысын жек көретін режим.

Авторы: Александр Тверской.

Пікірлер