«Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда

2700
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі таңда ел экономикасы қарқынды дамып келе жатыр, бұл өз кезегінде еліміздегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Ал сол кәсіпорындарға жұмыс жасауға баратын жұмысшы мамандар еліміздің колледждерінде даярланады.

Кәсіпорын дамыған сайын өзінің жабдықтарын үнемі жаңғыртып отырады, бұл колледжден келген жас мамандар үшін белгілі бір қиындықтар туындатады, атап айтсақ өндірісте қолданылып жатқан жабдықтың колледжде болмауы.
Бұл олқылықтың орнын алу үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының ашылу салтанатында берілген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда.
«Жас маман» жобасы еліміздің 180 колледжін модернизациялауды, яғни оларды заманауи жабдықтар жиынтығымен жабдықтауды көздейді, оның ішінде халықаралық WorldSkills қозғалысының стандарттары да ескеріліп отыр.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес «Жас маман» жобасын жүзеге асыру бойынша оператор болып «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бекітілген.

«Talap» КЕАҚ-ы оператор ретінде «Жас маман» жобасына қатысатын колледждерді конкурстық іріктеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Конкурстық іріктеу жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылы «Жас маман» жобасына еліміздің әр аймағынан барлығы 80 колледж іріктеліп алынды.

Осы кезекте жабдықтарды алу рәсіміне қысқаша айтып өтсек, тізімге енген колледждер заманауи жабдықтарды алу үшін жұмыс берушілермен келісе отырып өз аймағында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін қажетті жабдықтардың тізімін құрайды.
Аталған жабдықтар құрамында кем дегенде 50% жұмыс берушелерден және кәсіпкерлерден тұратын аймақтық комиссияда қарастырылып бекітіледі.
Әр аймақ жабдықтар тізімін «Talap» КЕАҚ-ы жібереді. Біз оператор ретінде барлық жабдықтар тізімін «Атамекен» ҰКП және салалық жұмыс берушілердің ассоциациясына келісуге жолдаймыз. Аталған мекемелерден келісім алынғаннан кейін жабдықтар тізімі республикалық комиссия деңгейінде қарастырылып, бекітіледі. Бекітілген тізімге сәйкес колледждер белгіленген тәртіпте сатып алу жұмыстарын жүргізеді.
2020 жылы елімізде 80 колледж заманауи жабдықтарды сатып алды, атап айтсақ жеңіл өнеркәсіп, аспаз, машина жасау, автокөліктерді жөндеу, ауыл шаруашылығы, IT мамандықтары бойынша, сонымен қатар мехатроника секілді жаңа салағада жабдықтар сатып алынды.
Қазіргі күні заманауи қондырғылармен жабдықталған колледждер өз базаларында құзыреттілік орталықтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Үстіміздегі жылыда «Жас маман» жобасының шеңберінде жұмыстар жалғасуда. Биыл 100 колледжді заманауи қондырғылармен жабдықтау жоспарланған.
«Жас маман» жобасының жүзеге асырылуының арқасында еліміздегі колледждердің базасын жаңғыруда, бұл өз кезегінде колледж базасында білікті мамандарды даярлаудың сапасының артуына әкеледі. Колледж түлектерінің даярлық деңгейі сапасының артуы ел экономиканың әр саласына білікті мамандардың келуі деп айта аламыз. Әрине ол нәтижеге бүгін-ертең жетеміз деп айтуға болмайды, алайда «Жас маман» жобасының нәтижесі алдағы бес алты жыл көлемінде көрінеді деген сенім бар.

Жанайдаров Нұрдәулет Дәулетбекұлы,
«Talap» КЕАҚ-ның Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының басшысы

Пікірлер