Қатаң карантин: Қалаларда локдаун енгізіле ме?

1921
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қандай жағдайда толықтай карантинге жабылатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшин шектеу шараларын жалғастыру керектігін баса айтты.

«Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу», - деді ол ZOOM конференциясы барысында.

Естеріңізде болса, Алматы 10 наурыз күні "қызыл аймаққа" енген болатын. 13 наурызда қалада карантин режимі күшейтілді.

Пікірлер