Мемлекеттік қызметке қабылдауға мораторий енгізілмек

1405
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдауға мораторий енгізу жоспарланып отыр. Арнайы қаулының жобасы дайын. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Жарқын Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

"Иә, қазіргі кезде тиісті қаулының жобасы дайын. Осы құжаттың аясында 1 шілдеге дейін қызметке тұруға мораторий енгізу мәселесі қаралып жатыр", - деді Тілеукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, халықтан түсетін арыз-шағымдарды қараудың бірыңғай жүйесі енгізіледі. Ол "бір терезе" қағидаты негізінде жұмыс істейді.

Соның арқасында адамдар мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүрмейді. Барлық құжатты бір жерге тапсырады. Сол жерден оны тиісті мемлекеттік органдарға таратады.

 

Пікірлер