Өз туысы 89 жастағы әжейді пышақтап кеткен

2128
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда туысы пышақтаған 89 жастағы қарт әжей көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 наурыз күні сағат 3 шамасында Петропавл полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 103 қызметі диспетчерінен 28 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйел көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Әйел ота жасалып жатқан кезде қайтыс болды.

Хирургия бөліміне түскен қартты дәрігерлер құтқара алмады.

Күдікті ретінде 30 жастағы алматылық туысы ұсталды.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс 99-баптың екінші бөлігі, 1 және 8-тармақтарына қайта ауыстырылды, енді күдіктіге пайдакүнемдік ниетпен екі адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

 

Пікірлер