Түйіткілді мәселені уақытында шеше алмаған әкім жазаланды

2937
Adyrna.kz Telegram

«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан әлеуметтік желідегі жазба бойынша тексеру жүргізілді. Атап айтсақ, Қарабұлақ ауылы тұрғындары жергілікті зиратта марқұмдарды жерлеуге тыйым салғаны жөнінде шағым түсірген.

Тексеріс аясында, ескі зират аумағында мүрдені жерлеуге орын жоғы анықталды (зират аумағы 5,5 га).
Партия араласуымен, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Асқар Сүлейменовтың көмегі арқасында Қарабұлақ ауылы маңынан өтеусіз негізде мұсылмандар және христиан зираттарына жер телімі (11.02 га) бөлінді.

Сонымен қатар, анықталған мәселеге байланысты, аталған ауылға қарасты Панфилов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Мықтыбаевқа «Ескерту» түрінде партиялық жаза тағайындау туралы шешім қабылданды. Бұл көтерілген мәселе партиялық бақылау комиссиясы тарапынан партиялық бақылауға алынды.

Пікірлер