Тағы да сенсация. Илон Маск “Роскосмосты” құрдымға жібергелі тұр

7743
Adyrna.kz Telegram
Илон Маск тағы бір тарихты жазды. 1950 жылдары Сергей Королев ойлап тапқан “Союз» ракеталарын тарихтың еншісіне жіберетін “Starship SN15” зымыраны Техастан 10 мың метр биіктікке көтеріліп, аман-есен діттеген нүктеге қайта қонды.
Әлемде “Starship” зымыраны 150 тоннаға дейінгі жүкті, 100-ден астам адамды орбитаға алып шыға алар заманауи қуатты ракета саналады. Осы ракета болашақта адамзат баласын Марсқа жеткізеді деп күтілуде. NASA бұған дейін жеңіл жүктерді орбитаға алып шығу үшін “SpaceX” компаниясы жасап шыққан “Falcon 9” зымырандарын қолданып келген еді. Осындай ұзақ уақыт қолдана беруге болатын заманауи зымыранның пайда болуы “Роскосмосты” тығырыққа тірегені де белгілі.
Енді “Starship” зымыраны тесттен сәтті өтті. Бұл ауыр салмақтағы жүктерді тасуға арналған, көп рет қолдануға болатын, орбитаға шығып, жерге қайта қонатын заманауи зымыран. Ғылымдағы тарихи күн. Ірі жетістік.
Қазақтың көп проблемасын қазақтың өзі емес, әлемдік генийлер, ғылымның дамуы шешетініне тағы бір дәлел. Роскосмосқа тапсырыстың азаюы уақыттың мәселесі. Бұл жаңалық біздің Отандық ғылымды қамшылауы тиіс. Өркениет, ғылым мен білім, адамзаттың дамуы біздің көз алдымызда басқа деңгейге шығып жатыр.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
"Адырна"ұлттық порталы
Пікірлер