Дүниежүзілік банк Қазақстанға 6 млрд доллардан астам қаржы инвестициялады

3305
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьердемен видео конференция арқылы кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қос тарап Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын және келешектегі кооперацияның басымдықтарын талқылады.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына келген Анна Бьердеге ілтипат білдіріп, бұл оның Қазақстан мен Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті.

"Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы бірқатар экологиялық мәселені шешуге үлес қосқанын, соның ішінде "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу" жобасының екінші кезеңіне 1,5 миллиард доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемалардың шешілуіне баса мән беретінін, "жасыл экономика" мәселелеріне және осы саладағы ықпалдастықты жеке бақылауына алуға дайын екенін жеткізді.

Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені және Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол елімізде Қазақстан президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер