Түркістан: Тауда жоғалған туристердің сөмкесі табылды

3081
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында құтқарушылар тауда жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмкені тапты. Сөмке Өгем өзенінің бойынан табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар сөмкені полиция қызметкерлеріне тапсырды. Жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ведомство ақпаратынша, аймаққа "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 25 мамырда кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жігіттердің бірі ауырып қалғандықтан, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалған, ал төртеуі құтқарушыларды шақыруға кеткен.

28 мамырда бірінші топ аман-есен отбасымен қауышты. 29 мамырда екі туристің мәйіті табылды. Қалған екі жігіт әлі іздестірілуде.

Тауға шыққан туристер – Назарбаев университетінің студенттері, біреуі – мектеп түлегі. Топ 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына аттанып, 24 мамырда үйге оралуды жоспарлаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер