Тоқаев Конституциялық Кеңестің төрағасын қабылдады

2543
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысына Конституциялық Кеңестің алдағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасайтын кезекті жолдауына дайындық барысы баяндалды.

"Бұл маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады. Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асуы, Конституциялық Кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралады", - деді Конституциялық Кеңестің төрағасы.

Қайрат Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық Кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын айтты.

Президент Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі болып табылатынын айтты. Осы орайда, Конституциялық Кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер