Санжар Боқаев: Мамин мырза, мұндай топастық индустрия саясаты керек емес!

4021
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жылына 80 мың автокөлік қолданысқа беріледі. Алайда елімізде шығарылған деген автокөліктер VIN коды бойынша Ресейде немесе Оңтүстік Кореяда шығарылған болып шығады. Мемлекет олигархқа айналған жалған өндірушілерге жүздеген миллиард теңгенің төлемдерін төлеп келген, үкімет жүздеген миллиардтарды мифтік автоөндіріске құйып жатыр. Бұл туралы Санжар Боқаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда жылына 80 мың автокөлік шығарылады (күніне 250 дана).

Өнеркәсіп министрлігі 167 автомобиль моделін шығаратындығымызды дәлелдеуге тырысып, тығырыққа тірелді.

Мемлекет автоөнеркәсіпті қолдау көрсетіп, бір ғана негізгі шарт қояды: автокөліктер Қазақстанда шығарылуы тиіс. Демек егер көлік Қазақстанда шығарылмаса, мемлекет оған жеңілдіктер мен субсидиялар бермеуі керек.

Сондықтан біз автомобильдердің өзге елде шығарылатындығын дәлелдеуіміз керек. Бұл миллиардтаған теңгенің негізсіз төлемдерін тоқтатуға негіз болып табылады. Мұны істеу тіпті оңай! Әрбір автомобильдің VIN коды бар, ол халықаралық есеп жүйесіне жатады және оған World Manufacturers Identification кіреді - яғни өндірушінің әлемдік индексі.

Біз Алматыдағы автосалондарға барып, ВИН кодтарын суретке түсірдік. Сонымен халықаралық есеп жүйесі бойынша Қазақстанда шығарылған автомобильдердің VIN кодтары Ресейде немесе Оңтүстік Кореяда шығарылған. Автокөліктердің ешқайсысы Қазақстанда шығарылмаған. Демек мемлекет олигархқа айналған жалған өндірушілерге жүздеген миллиард теңгенің төлемдерін тоқтатуы керек.

Мемлекет алға қойған тағы бір маңызды шарт - жергілікті өнеркәсіпті дамыту. Яғни автомобиль жасаушылар қосалқы бөлшектерді мүмкіндігінше Қазақстанда көбірек шығаруға міндеттенді. Бірде-бір автокөлік өндірушісі бұл шартты орындаған жоқ, ал мемлекет үнсіз. Сонымен қатар Индустрия министрлігі локализация 40-50% құрады деп хабарлайды. Қосалқы бөлшектердің жартысы Қазақстанда шығарылатын бірде-бір модель жоқ екенін бәрі біледі. Біз тіпті болттар мен гайкаларды шығармаймыз. Неге біз өзімізді алдап отырмыз? Индустрия министрлігі ешқашан автоөндірісті локализациялау бойынша зерттеулер жүргізген жоқ, ал үкімет жүздеген миллиардтарды мифтік автоөндіріске құйып жатыр. Біз шынымен де жапондардан, немістерден немесе корейлерден жақсы өнім шығарамыз деп ойлаймыз ба? Неге біз Toyota немесе басқа танымал өндірушіні шақырмаймыз, біз оған жағдай жасаймыз, өйткені BMW Оңтүстік Африкада зауыт салған. Видеоны қараныздар.

Мамин мырза! Осындай топастық индустрия саясаты керек емес. Қазақстанда шығарылмаған автомобильдер үшін миллиардтаған ақшаны төлеуді тоқтатыңыз. Неліктен сіздің үкіметініз салық төлеушілердің ақшасына сонша опасыздық танытады?», - дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер