23 жұмысшы уланып, ауруханаға түсті

1964
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында 23 жұмысшы түскі астан уланып қалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда газ-химия кешенінің құрылысын жүргізіп жатқан «Bazis Construction» ЖШС-ның 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланған. Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

"Инфекциялық ауруханаға 3 маусымда сағат 19:45-те 21 жұмысшы, 4 маусымда сағат 01:00-де тағы 2 адам түсті. Ауруханаға жатқан науқастардың бәрінде улану белгілері байқалды. Науқастар бас айналу, құсу, әлсіздік және диарея белгілеріне шағымданған" - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Жұмысшылар «Bazis Construction» ЖШС-ның асханасында тамақтанған. Алдын ала қойылған диагноз – тағамдық токсикоинфекция.

«Жұмысшыларға түскі аста манпар, бұршақ сорпасы, сиыр етінен дайындалған тағам, қайнатылған шұжық, пісірілген тауықтың төс еті, қайнатылған қарақұмық, макарон, қырыққабат салаты ұсынылған. Олар улануды түскі аспен байланыстырады», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 47 адам сушиден уланып, дәмхана жұмысы тоқтатылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер