Қатты желден ондаған ғимараттың шатыры ұшып кеткен (видео)

2327
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қатты жел соғып, салдарынан бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, өңірде 6 маусым күні сағат 18.25-18.36 арасында 15-28м/с жел соққан.

«Байтұрсынов көшесі 90А 5 қабатты үйдің 40 шаршы метр болатын шатыры ұшып, Қонаев даңғылы 1 үйдің ауласына құлаған. "Тoyota Corolla " маркалы автокөлікке зақым келтірді. Сондай-ақ, Солтүстік шағын ауданы 52 үйдің шатыры қатты соққан жел салдарынан құлаған»,– деп жазды баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Төтенше жағдай қызметінің 2 техникасы мен 8 қызметкері жіберілген.

Айта кетейік, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер