Өртеніп жатыр: АҚШ-та мыңнан астам гектар жерді жалын жалмады

3477
Adyrna.kz Telegram

Американың Аризона штатының шығысында орман өртеніп, 24 мың гектардан астам аумақты шарпыды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы California News Times-қа сілтеме жасап.

InciWeb ұлттық сервисінің хабарлауынша, штат бойынша екі ірі өрт тіркелді. Олардың бірі Феникстен 100 шақырым шығысқа қарай жарылды. Қазіргі уақытта өрт 14 мың гектарға жуық аумақты қамтыды.

Тағы бір ірі өрт Феникстен шығысқа қарай 190 шақырым жерде орналасқан Мескал тауларының етегінде болды. Оның ауданы шамамен 10 мың га құрайды. Өрт шамамен бес мың адам тұратын Эль-Капитан ауылына жақындап келеді. Қала билігі тұрғындарды эвакуациялау туралы ескертті.

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шенеуніктердің айтуынша, өрттің шығуына аймақтағы құрғақшылық себеп болуы мүмкін, ал желді ауа-райы тек өрттің таралуына ықпал етті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер