Зағип жігіт Эвересті бағындырды

2820
Adyrna.kz Telegram

Қытайлық альпинист Чжан Хун Эвересті бағындырған Азиядағы бірінші және әлемдегі үшінші зағип адам болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Reuters" басылымына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең биік шыңға ол 24 мамырда үш гидтің сүйемелдеуімен көтерілді. Ал 3 маусымда олар Катмандудағы альпілік лагерьге оралды.

46 жастағы альпинистің айтуынша, оны 2001 жылы 8849 метрлік тауды бағындырған алғашқы зағип альпинист, америкалық Эрик Вайхенмайердің шыңға шығуы шабыттандырған. Хун бұл жорық үшін бес жыл дайындалыпты.

"Менің ойымша, бүкіл әлемде және Азияда көру қабілеті нашар адамдар көп және менің жасаған ісім олар үшін шабыт береді деген үміттенемін", - деді Хун.

Қытай азаматының ендігі жоспары - жеті құрлықтағы ең биік тауларды бағындыру, сонымен қатар оңтүстік және солтүстік жартышарға бару.

"Сіз мүгедексіз бе, жоқ па, көру қабілетіңіз жоғалды ма, аяғыңыз бен қолыңыз жоқ па маңызды емес. Бұл маңызды емес. Егер ақыл-ойыңыз күшті болса, сіз әрқашан басқа адамдар сізге айта алмайтын нәрсені жасай аласыз", - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер