Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

2592
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

8 маусым күні Нұр-Сұлтан сотында отырыс өтіп, Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Прокурор Төлеген Жараспаев үй қамауын 2021 жылғы 14 шілдеге дейін ұзартуды сұрады. Оның айтуынша, тергеу әрекеттерін аяқтау үшін уақыт қажет. Жараспаев сондай-ақ Біртановқа тұрғын үйден шығуға тыйым салып, оның отбасы мүшелерінен басқа адамдармен сөйлесуіне рұқсат бермеу керек екенін атап өтті. Экс-министрдің адвокаттары өтінішті қанағаттандырмауды және Елжан Біртановтың бұлтартпау шарасын алып тастауды сұрады.

Тараптарды тыңдаған судья Ақмарал Исаева шешімді 9 маусым күні жариялады. Ол бұлтартпау шарасының күшін жоюға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Осылайша сот Елжан Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасынының мерзімін 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда 9 айға ұзарту туралы қаулы шығарды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер