Карантин кезіндегі ең танымал онлайн кәсіптер

2998
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынған
фото ашық ақпарат көзінен алынған

Пандемия көп дүниеге өзгеріс, серпіліс алып келді. Адамдар жұмыс істеу үшін белгілі бір объектінің болуы шарт емес екенін түсінді. Белгілі бір кестесіз-ақ онлайн жұмыс жасауға бет бұра бастады. Уақытты үнемдейтін, интернетпен табыс табудың тиімді онлайн кәсіптеріне нелер жатады? Тізбектеп берсек...

Ең бірінші, егер де сіз кәсіби мұғалім немесе кез келген саланың маманы болсаңыз ,интернет арқылы ақылы түрде сабақ бере аласыз. Сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге орай жақсы ақша таба аласыз.

Екіншіден, сіз белгілі бір компанияға онлайн-кеңесші бола аласыз. Сондай-ақ адамдарға үйлерінде де қызмет көрсетуге болатын бірқатар қызметтер бар. Мысалы, сіз заңгер немесе есепші болсаңыз, клиенттерге кеңес беру арқылы немесе салық декларацияларын толтыруға көмектесу арқылы қосымша ақша табуға болады.

Карантин кезінде, әсіресе, жанданған кәсіп ол - блогерлік. Блогерлікті кәсіп деп айтуға да әбден негіз бар. Себебі дәл осы дүние арқылы қаншама адам нанын тауып, үйін салып, кәсіп ашып жатыр. Қарапайым адам қанша жыл тер төгіп таба алмай жүрген ақшаны, блогерлеріміз бір ғана контент түсіріп, бір ғана жарнама жасау арқылы тауып отыр. Карантин кезінде тойсыз қалған әншілер де ойсыз tik-tok түсіріп, блогерліктің жолына түсіп жатқанына өздеріңіз де куәсіздер.

Тағы да бір жұлдызы жанған онлайн кәсіптің бірі-SMM менеджер. Әлеуметтік желілердің арқасында пайда болған кәсіп. Бұл кәсіпті үйреніп алсаңыз, айына кем дегенде 150 мыңнан жоғары табыс табасыз. Бәрі өзіңіздің идеяларыңыз бен креативтілігіңізге байланысты.

Сонымен қатар,телеграмм бот құрастырушылары, копирайтерлер, фрилансерлер, таргетологтар да интернет арқылы карантин кезінде табыс табудың тиімді онлайн кәсіптер қатарында.

Ұлжан Тұрлыбек

Пікірлер