Бақытжан Омаров жаңа лауазымға тағайындалды

2815
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Бақытжан Омаров жаңа қызметке тағайындалды. Ендігі таңда Бақытжан Омаров ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі лауазымында.

1987 жылы Алматы қаласында өмірге келген Бақытжан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығын бітірген, Артынша осы университеттің журналистика мамандығының магистратурасын аяқтаған. "Қазақстан" РТРК, "Хабар" арналарында жауапты қызметтерді атқарған. Жаңа қызметке тағайындалу жайында Бақытжан Омаров өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

"Қадірлі жерлестер! Жанашыр әріптестер!

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметім аяқталды.
Сыр топырағының перзенті ретінде туған еліме қызмет ету бақыты бұйырған кезде шақыртуды қуанышпен қабылдадым. Мен үшін облыс әкімі Гүлшара Наушақызының командасында жұмыс істеу мол мүмкіндік пен үлкен тәжірибе берді. Алған білімім мен жиған тәжірибем негізінде мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс істеуге талпындық. Маған қолдау білдіріп, жанашырлық танытқан барша азаматтарға, тілеулес әріптестерге алғысым шексіз. Баспасөз қызметін жүргізу арқылы жаңа орта тауып, билік пен халық арасына ортақ дәнекер бола білдік деп санаймын. Ендігі қызметім Түркия мемлекетінде жалғасады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі лауазымды қызметіне тағайындалдым. Жауапты қызметті сеніп тапсырған Ұйымның бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлына, ҚР Мәдениет және спорт министрі Актоты Рахметоллақызына алғыс білдіремін.

Ел игілігіне қызмет етіп, бауырлас мемлекеттердің мәдени ынтымақтастығын арттыруға күш салатын боламын. Маған әркез демеу білдірген баршаңызға құрметім шексіз. Алла абыройдан айырмасын!" деген жазба қалдырған.

"Адырна" ұлттық порталының ұжымы Бақытжан Бауыржанұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жетістік пен табыс тілейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер