Он бала туған әйел балаларын бағып-қағу үшін халықтан көмек сұрап жатыр

2629
Adyrna.kz Telegram

Он бала туған Оңтүстік Африкалық әйел өзінің ұрпақтарын бағып-қағу үшін қаржылай көмек сұрап жатыр, алайда шенеуніктер оның босануына байланысты дәлел таба алмай жатқан көрінеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Дүкенде менеджер болып жұмыс істеген 37 жастағы Гозиам Ситхол босанғаннан кейін жұмыс істей алмайтынын және өмір сүруге оған памперс, балалар тағамы, бөтелкелер, киім-кешек пен қолма-қол ақша қажет ететінін айтты.

Күйеуі жұмыссыз әйел екі айлық жүктілік кезінде ақысыз демалыс алып, жинақтарын тауысқанын, қазі оған қарт қайын енесі көмектесетінін айтады.

Алайда шенеуніктер Ситхолдың бала босанғанын дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз екенін айтады.

Әлеуметтік қызметкерлер отбасыны 2016 жылдан бері танитынын айтады. Сол жылы ол егіздері туған. Жақында олар әйелдің үйіне фактіні дәлелдеу үшін адам жіберетінін хабарлады.

Аймақтық губернатордың өкілі Табо Масебе өзінің провинциясындағы кез келген ауруханада - мемлекеттік немесе жеке ауруханада 10 нәрестенің туғаны туралы ешқандай хабарлама тіркелмегенін және мұндай оқиғаны «жасыру қиын» болатынын айтты.

Independent Media басылымының Гаутенгтегі әйелдің он бала дүниеге әкелгені туралы хабарламаларынан кейін Гаутенг провинциясы үкіметі ақпараттың растығын анықтау үшін провинцияның барлық ауруханаларында мұқият тексеру жүргізді.

«Провинцияның бірден-бір ауруханасында мұндай бала босану туралы ақпарат жоқ. Егер шын мәнінде босану жайлы ақпарат рас болып шықса, бұл әлемдік рекорд болмақ», - деді баспасөз қызметкері.

Ситхолдың күйеуі Тебого Цотеци дүйсенбіде кешке журналистерге әйелі жеті ұл мен үш қыз туды деп мәлімдеді.

MailOnline басылымы әйелдің босанғанын растай алмаған, себебі аурухананың атауы жария етілмеген.

«Біз анасы мен оның балаларын әлі көрген жоқпыз, алайда олар 2016 жылдан бері біздің клиенттеріміз. Әйел осыған дейін егіздер туған», - деді ол.

Оңтүстік Африкалық БАҚ ақпаратқа қатысты екіге бөлінді: бірі мұның растығын айтып дәлелдеуге тырысса, енді бірі ақпараттың бірден жалған екенін мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, күдік ұялататын нәрсе - әйелдің босанғаннан кейінгі фотосының, балаларының суретінің жоқ екендігі. Pretoria News жариялаған ерлі-зайыптылардың сұхбаты әйелдің бала босанғаннан кейін ғана басылымға жарық көрген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер