Өз сәбиін ұрып өлтірген әйелдің сот отырысы өтті

2101
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда үш жасар сәбиін ұрып өлтірген әйелге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Кінәсін толық мойындаған 23 жастағы келіншек 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ол қазір судьядан үкімді жеңілдетуді сұрап отырған көрінеді.

Еске салайық, дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін бір ай бойы күресіп, ақыр соңында Саша Захарованы аман алып қалу мүмкін болмады. Баланың жарақаттарынан кісі шошиды. Себебі денесіндегі зақымдарды айтпағанда, қыздың өкшесі үсіп кеткен. Шешесі қақаған қыста жазғы аяқ киіммен жүруге мәжбүрлеген екен. Саусақтарын да күйік шалып, тістері сынған. Анасы денсаулығы дімкәс баласын ауырып, жылай берген соң ұрдым деп ақталған. Анасы қызынан перзентханада босанған бетте бас тартқан екен. Алайда мүгедектік бойынша жәрдемақысын жарату үшін өз қамқорлығына қайтарып алыпты. Осы жылдың ақпан айында кезекті жәбірден кейін бала есінен танып, ауруханаға жеткізілген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер