Каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды

2756
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған. Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен. 3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.

«Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылған. Бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері – рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы»,— деді Түркістан облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер