Ресей санкциядан сескеніп Беларусьты қолдамады

5394
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік аса ірі жүк тасымалдайтын «Волга-Днепр» компаниясы 28 маусымнан баастап Беларусь әуе кеңістігінен ұшпайтын болды. Бұл әрекетке  Батыстың Минскке салған санкцияларынан кейін барған. 

«Біз расымен де уақытша Беларусь әуе кеңістігін қолданбауға шешім қабылдадық», — деді компания өкілдері.

Олар қашанға дейін Беларусь аспанын пайдаланбайтынын нақтыламады. Ресей билігі де бұл шешімге қатысты жауап беруден бас тартты.

ЕО елдерінен кейін АҚШ пен Ұлыбритания Минскке санкциялар салған еді. Оған себепкер болған жайт  Ryanair компаниясының ұшағын күшпен қондырып, Роман Протасевичті тұтқындауы болатын. Еуропа елдері Беларусь әуе кеңістігін қолданған ұшақтарды қабылдамайтынын ескерткен. Ресейлік әуе компаниялары Батыстың санкциясынан сескеніп, Беларусь кеңістігін пайдаланудан бас тартуда.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер