Көршілерін абайсызда улаған тұрғын бас бостандығынан айырылды

1596
Adyrna.kz Telegram

Пәтерін «Квикфос» химиялық препаратымен дезинфекциялап, екі адамның өліміне себепкер болды деп айыпталған әйелдің ісіне қатысты сот үкімі шықты. Көршілерін абайсызда улаған ақтаулық тұрғын 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлад, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқиға ақпан айында Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде болған. Үйіндегі зиянкес жәндіктерді уламақ болмаған келіншек көршілеріне ескертпестен «Квикфос» улы препаратымен дезинфекция жасаған. Кейін өзі үйін құлыптап, сыртқа шығып кеткен. Соның кесірінен улы иіс өзге пәтрлерге тарап, көрші үйдегі 10 айлық сәби мен оның 29 жастағы анасы көз жұмған болатын.

Химиялық препараттан уланған тағы бес бала аурухуанаға жеткізіліп, 68 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адам жансақтау бөліміне түскен еді.

Қайғылы оқиғадан соң күдікті қамауға алынып, істі болған. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады.

«Улы препарат көршілеріне, сол үйдің тұрғындарының пәтеріне таралып, 10 айлық сәби мен оның анасы көз жұмды және бірнеше тұрғын реанимацияға түсті. Сот үкімімен аталған азаматша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Маңғыстау облыстық сотының ресми өкілі Гауһар Нұрханова.

Пікірлер