Мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын бермеген

3885
Adyrna.kz Telegram

Волгоград облысының Урюпинск қаласында 9-сынып түлегі мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын ала алмаған. Бұл туралы өңірлік прокуратураның сайтында хабарланды.

Оқушының анасы Урюпинск қаласының ауданаралық прокуратурасына ұлының құқығы бұзылғанын айтып, шағым түсірген.

Кейіннен әйелдің екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғаны, материалдық жағдайының төмен екені анықталды.

Прокуратура "Ресей Федерациясындағы білім туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан сәтті өткендерге білім туралы құжаттар берілетінін атап өтті.

"Қарызды өндіріп алу азаматтық-құқықтық тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс және аттестат берумен өзара байланысты емес екенін ескере отырып, тексеру қорытындысы бойынша Урюпинск ауданаралық прокуроры мектеп директорына заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ескерту жариялады", — деп нақтылады баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер