Әзірбайжан-Армения шекарасында қарулы қақтығыстар орын алды

2765
Adyrna.kz Telegram

Армения мен Әзірбайжан шекарасында қарулы қақтығыстар орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы ақпарат бойынша, армениялық үш жауынгер оққа ұшқан. Екі тараптан да бірнеше сарбаз жарақат алған.

Ереван “солтүстік шығыстағы шекарада келісімді бұзды” деп Бакуды айыптаса, Әзірбайжан үкіметі қақтығыстың туындауына Арменияны кінәлап отыр. Әзірбайжанның қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Кельбаджар ауданындағы нысандарға шабуыл жасалған.

Айта кетсек, өткен жылы Әзірбайжан мен Армения арасында жанжал туып, арты қарулы қақтығыстарға ұласқан еді. Нәтижесінде алты мыңға жуық адам қаза болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер