Ресей мен Қазақстаннан қатар зейнетақы алып келген әйел жауапқа тартылды

2756
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 23 шілдесінде Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің В. есімді азаматшаға қатысты талап арзы бойынша артық алынған зейнетақы төлемдерін өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.

Жауапкерде РФ азаматтығының төлқұжаты болған, алайда құзыретті органдарға ҚР азаматтығынан шығу туралы өтінішпен жүгінбеген.

Осылайша ол 1998 жылдан бастап РФ-да жасына байланысты сақтандыру зейнетақысын алушы болды, кейіннен 2006 жылы ол ҚР зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жасына байланысты зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен жүгініп, ҚР азаматының жеке куәлігін көрсетті, бұл ретте Ресей Федерациясының азаматтығында болу фактісін жасырды.

Жауапкердің Қазақстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан бір мезгілде зейнетақы алу фактісінің анықталуына байланысты департаменттің 2020 жылғы 01 шілдедегі шешімімен оған зейнетақы төлеу тоқтатылды.

ҚР паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін В-ны ағымдағы жылдың шілдесінде Ұзынкөл ауданы ІІБ көші-қон қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

28.06.2006 ж. бастап 30.04.2020 ж. аралығындағы кезеңде В. 9 401 727 теңге мөлшерінде заңсыз зейнетақы төлемдерін алған.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің талап-арызын сот қанағаттандырып, В-дан республикалық бюджеттің кірісіне жасына байланысты заңсыз алынған зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің сомасын - 9 401 727 теңге мөлшерінде өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер