Атыс болып, 6 адам қаза тапты

2631
Adyrna.kz Telegram

Англияның Плимут қаласында атыс болып, кісі өлімі орын алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 12 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 18:10-да Биддок-драйв көшесінде болған.

Девон және Корнуолл округтерінің баспасөз қызметі қайтыс болған жандар туралы нақтыланған мәліметтерді жариялады.

«Қолда бар деректер бойынша, атыс салдарынан алты адам, оның ішінде күдікті де қаза тапты. Құрбан болғандардың ішінде бес жасар қыз бар»,— делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер