Тараз қаласының маңында жойқын жарылыс болды деп жазуда әлеуметтік желі қолданушылары. Әлеуметтік желідегі түрлі парақшаларда жарылыстың видеосы жариялануда. Жойқын жарылыстың қаладан 20 шақырымдай жерде болып, қала ішіне де сезілгені айтылуда.
https://www.youtube.com/watch?v=918qn6fjOT8
Жарылыстан кейін өрт болып жатқаны жайлы да ақпараттар бар. Құзырлы органдар жарылысқа қатысты әлі нақты түсініктеме берген жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы