Алматылық ардагерлер Президенттің саясатын қолдайтындарын жеткізді (видео)

4116
Adyrna.kz Telegram

1992-2001 жылдары тәжік-ауған шекарасында болған қақтығысқа қатысқан алматылық ардагерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұйрығына бағынатынын, елге адал қызмет ететіндерін, елімізде тіркелмеген "Ел тірегі" партиясын қолдамайтындарын жеткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Біз ешбір партияға тіркелген жоқпыз және "Ел тірегі" партиясына қосылмайтындығымызды, бұл ұйымға ешқандай қатысымыз жоқ екенін жеткіземіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, біз, тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері, сізді және сіздің жүргізіп отырған саясатыңызды қолдаймыз. Біз сіздің ардагерлер қауымына жасаған жақсылығыңызды ұмытпаймыз. Сіздің өткен жылғы 6 мамырда Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай қол қойған "Ардагерлер туралы" Заң аясында бүгінде бізге көптеген көмектер берілуде. Біз бұл қамқорлық пен қуанышты 20 жыл күттік. Сондықтан біз, алматылық ардагерлер, әрдайым сіздің саясатыңызды қолдайтынымызды, ешқандай партия құрамында емес екенімізді айтқымыз келеді", — деді алматылық ардагерлер.

Айта кету керек, биыл маусым-шілде айларында елімізде тіркелмеген "Ел тірегі" партиясы белсенділері мен 1990-жылдары ауған-тәжік шекарасында әскери қызмет атқарған бір топ ардагер шеруге шығып, өздерінің арыз-талаптарын жеткізген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер