Алматыда тау бөктерінен өрт шықты

4476
Adyrna.kz Telegram

Алматы маңындағы тау бөктерінде өрт шыққан деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, бүгін сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан шағын ауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар жанып, өрт шыққаны анықталған. Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барған.

"Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіру жөніндегі жиынтық жасақ қосымша жіберілді. Солтүстік жағынан өрт ошағының жеке секторға өту қаупі туындады. Оларды оқшаулау үшін өрт оқпандары берілді», – деді ТЖД өкілі.

Айта кету керек, өрт болған жер – облыс аумағы. Бірақ Думан шағын ауданы тұрғындарынан қоңырау көп түсуіне байланысты қалалық өрт сөндіру жасақтары жіберілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің бірінші ошағы 1 гектарды, екіншісі - 1,5 гектарды шарпыған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер