Спортшы балалардың тамағына бөлінген 36 млн теңге жымқырылған

2509
Adyrna.kz Telegram

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ, Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты 36 млн. астам теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған.

Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолдарын қолдан жасау жолымен жүзеге асырылды. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілген жоқ.

Сондай-ақ, тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің оң шешімі үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн.теңге сомасында пара бермек болған.

Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,— делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер