Қостанай облысындағы атыс: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар

3994
Adyrna.kz Telegram

Ер адам Лисаковск қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде атысып, ұстау кезінде оны полиция қызметкерлері жарақаттады.

Болжам бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты көршілерімен жанжал туындаған. Лисаковск қаласының тұрғыны аңшылық мылтықпен кіре беріске шығып, атыс бастаған. Ер адам екі әйелді жарақаттаған. Оны ұстауға жедел-тергеу тобы шақырылып, оқиға орнына тез арада жеткен.

"Оқиға орнына жеткенде күдікті полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атқан, тергеу-жедел тобының тергеушісін жаралаған, содан кейін үйдің кіреберісіне кіріп кеткен. Оны ұстау кезінде ол полицияға оқ атуды жалғастырған. Үй тұрғындарының қауіпсіздігі үшін және күдіктінің одан әрі заңсыз әрекеттеріне жол бермеу үшін полиция қаруды қолдануға мәжбүр болып, күдіктіні жаралаған. Осыдан кейін қарулы адам өз пәтеріне қашып кеткен, кейін оны құқық қорғау қызметкерлері ұстаған. Үйдің кіреберісінде оқ жарақаты бар екі әйел табылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері зардап шеккендерге көмектесу үшін бірден жедел жәрдем шақырды", - деп хабарлады Қостанай облысының ПД.

Күдікті ұстау кезінде ауыр жараланған, кейін реанимацияда қайтыс болды. Жараланған әйелдердің бірі көп қан жоғалту әсерінен көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, сонымен қатар прокуратура органдары қаруды қолданудың заңдылығы мәселесін зерттеп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер