Ауғанстаннан келген қандастарымыз қайда қоныстанады?

3175
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада Ауғанстаннан эвакуацияланған 35 қандасымызды еліміздің бес өңірі қабылдай алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елге оралған қазақтар Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қабылдап, арнайы квота бере алады.

- Отбасының бір мүшесіне 70 АЕК (2021 жылы 204 190 теңге)  одан әрі бір жылға дейін-тұрғын үйді жалға алуға 30 АЕК бөлінеді. Біз оларға бәрін түсіндірдік, заңнама тұрғысынан көрсеттік. Әрине, бірінші кезекте олардың ұсыныстары ескерілетін болады, – деді Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Оған қоса, бір жыл бойы ай сайын баспана жалдауға 87 500 теңге қаржылай көмек көрсетіледі.

- Бұған дейін олардың Алматыдағы қонақ үйлердің біріне орналасқаны хабарланған еді. Олар мұнда 24 қыркүйекке дейін болады. Соған дейін олар қай өңірге барып қоныстанатынын шешуі тиіс, - деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Билік дипломы барларына мамандығы бойынша жұмысқа тұруына көмектесетінін, білімі жоқтарды арнайы курста оқытуды жоспарлап отырғанын айтты. Алматы әкімдігі мәліметінше, қандастарды оқыту, жұмысқа орналастыру және бейімделуге көмек көрсету мәселелері әлі қарастырылып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер