Қазақстандық мектептерде ЛГБТ туралы сабақ түсіндірілді — фейк

3465
Adyrna.kz Telegram

Kaznet жалған хабарламаларды белсенді түрде таратуды жалғастыруда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жолы әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларына ЛГБТ өкілдерінің орыс тілі сабағы кезіндегі құқықтары туралы айтылып, бір жынысты ата-аналардың тәрбиесінде болған балаларға үгіттелгені туралы ақпарат таралуда. Мұндай сабақтар Өскемендегі мектептердің бірінде өткізілді деген болжам айтылды.

Ата-ананың жолданған хатында:

"Сәлеметсіз бе! Сізбен қалай байланысқа шықса болады? Мен Өскемен қаласынанмын. Менің есімім Меруерт және мен 8-сынып оқушысының анасымын. Баламның орыс тілі пәнінің сабағында, 2 сабақ қатарынан балаларға жыныстық теңдік туралы сабақ түсіндіріліпті. Швеция елін мысалға келтіріп ол жақта бір отбасыда екі әке болатыны туралы айтылған. Ол балаларға дұрыс, яғни қалыпты жағдай ретінде түсіндірілген. Мен арыз жазғым келеді. Бірақ қалай дұрыс жазарымды білмей тұрмын", делінген.

Stopfake.kz сайтында айтылғандай, ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізді.

Оқу материалының мазмұны «Отбасы: құқықтар мен міндеттер» бөліміне сәйкес таңдалады. ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің құқықтары бұл сабақтың мазмұнына кірмейді. Ата-ана берген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген департаменттің жауабында.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер