Бекболат Тілеухан: Халық Елбасына опасыздық жасады

8864
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан халықтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың масылдық психологияға қатысты “Микрокредит ал да екі сиыр сатып ал. Өзіңді асыра” деген сөзін мазаққа айналдыруын “опасыздық” деп санайды. Бұл жайында депутат "Qasqa Jol" атты Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "altyn-orda.kz-ке" сілтеме жасап.

"Біз 2020-2021 жылдары Назарбаевтың бағасын бере алмаймыз. 2040-2045 жылдары оның қадірін білетін жағдайға келуіміз мүмкін. Опасыздық істедік. Елінің ақсақалын, Елбасын соншама дәрежеде масқаралап, мазаққа ұшырату қоғам тарапынан опасыздық болды деп айта аламын. Шынында да, опасыздық. Сына, бірақ мазақтауға болмайды. Мазақтау басқа, сынау басқа. Ол сөзім үшін мен жауап берем",- деді депутат. Сөзіне дәлел ретінде Бекболат Тілеухан Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы егемендікті сақтап қалу, шекараны бекіту жолындағы ірі қадамдарын атап өтті.

"Заманында көп нәрсенің қадірін біле бермейміз. Көп адамға ұнамайтынын білем. Бірақ ұнамайды деп өзім иланған ақиқатты жасырып қал алмаймын. Назарбаев – ұлы саясаткер. Көзім жеткен соң айтамын. Мен Назарбаевтың сойылын соғып жатқан жоқпын, тарихи ақиқатты айтып жатырмын", – деп пікір білдірді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер