Сирия: Түркия тез арада әскерін әкетсін

2592
Adyrna.kz Telegram

Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад Түркия елдің солтүстік провинцияларынан әскерін тезірек шығаруы керек деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Tasnim -ге сілтеме жасап.

Микдад түрік әскерлері даулы жерлерді тастап кетуі керектігін баса айтты.

"Идлиб аймағындағы ушығудың негізгі себебі - түрік оккупациясы және Түркияның террористік топтарға көрсеткен қолдауы. Түркия дереу кетіп, халықаралық қауымдастық Сирияның елдің солтүстігінде басып алынған жерлерді азат ету әрекетін қолдауы керек", - деді министр.

Ол сондай-ақ БҰҰ Анкараны әскерлерін қайтарып алуға және солтүстік аумақтарды Сирия үкіметінің бақылауына қайтаруға шақыруы керек екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Түркия президенті Тайып Ердоған Сирия қарулы күштерін Түркияның Килис провинциясына зымыранмен оқ жаудырды деп айыптаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер