Арон Атабек денсаулығына байланысты бостандыққа шықты

3883
Adyrna.kz Telegram

Диссидент, ақын Арон Атабек бостандыққа шықты. Бұл туралы "Азаттық радиосына" сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде өтінішті қарап орындаған. Сот ақпаратына қарағанда, дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар" делінген сот хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер