Бақбақты ауылында 84 орынды бөбекжай пайдалануға берілді

3233
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы ғимарат 1970-1996 жылдар аралығында «Солнышко» болып , кейіннен жұмысын тоқтатқан ескі ғимарат қайта қалпына келтіріліп,жаңа «Күншуақ» атауымен білім күні қарсаңында бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашты. Балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 367,2 млн қаржы бөлініп, «Golden siti» ЖШС–і мердігер мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Енді ауылдықтар үшін көптен күткен, барлық жағдайы жасалған жаңа балабақша жұмысын бастады.

Заманауи үлгіде жабдықталған бөбекжайда жатын, дәріс беру, ойын, жуынатын бөлмелері, асханасы және медициналық блогы бар. Сондай-ақ, балабақшаның ішкі және сыртқы ойын алаңдарына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мұнда білім берумен қатар бүлдіршіндерді спортқа баулуға да баса назар аударылмақ.
Ел игілігіне берілген балабақшға 1 мен 3 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қабылдаймыз. 4 тобымыз бар. Әр топта 17 баладан тәрбиеленуде. Көпбалалы аналарға әкімшілік тарапынан жеңілдіктер де қарастырылған,-деді «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі Жазира Қазыбекқызы.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер