Бала жәрдемақысы мен төлемін енді Halyk Homebank-та онлайн рәсімдей аласыз

43597
Adyrna.kz Telegram

Дүниеге келген балаға берілетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді енді Halyk Homebank арқылы онлайн рәсімдеуге болады.

Ата-аналар үшін жақсы жаңалық - енді жаңа туған нәресте үшін алатын жәрдемақыны Halyk Bank-тің мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Банк Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы бала туғанда берілетін жәрдемақыны және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді онлайн форматта ресімдеу мүмкіндігін іске қосты. Атаулы қызметті бала туғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта ресімдеуге болады.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін екі қызмет бір-біріне біріктірілген.
Өтініш беру үшін:

  • Halyk Homebank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріңіз
  • «Бала тууы бойынша жәрдемақыны» таңдаңыз
  • Өтінім беретін баланы көрсетіңіз
  • Барлық деректерді тексеріп, SMS арқылы өтінішке қол қойыңыз

Клиент өтінімді жіберген соң және оны мемлекеттік орган қарағаннан кейін клиентке өтінімнің нәтижесі және төлемнің тағайындалған сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жолданады. Айта кету керек, бұрын жәрдемақы ХҚКО бару арқылы немесе электронды үкімет порталы, 1414-ке СМС сервисті пайдалану арқылы ресімделген.

Сервис ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдауымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы"АҚ және Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялаудың арқасында жүзеге асырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер